RSS

Сарбаздар казармасы


Қазіргі қазақ армиясындағы сарбаздар казармасы  қалай? 68665 әскери бөлімінің мына суреттегі казармасы артық комментарийді қажет етпейді. Мұнда келген әрбір сарбаз Отан алдындағы атқарып отырған әскери борышына да, жалпы өз өміріне де риза. Себебі, казарма соңғы үлгіде салынған. Мұнда ХХІ ғасырдың сарбазына лайық  жағдайдың бәрі жасалған.

Жалпы, казарма сөзіне келсек, бұл әскердің жеке құрамын ұзақ уақытқа қоныстануға орналастыратын нысан. Орыс тіліне  “kazarma”  сөзі Польшадан немесе неміс тілінен енген. Итальян тілінде “caserma” яғни “қару” деген мағынаны білдірген. Казармалар сонау Рим империясынан бері келе жатыр. Онда солдат үшін барлық жағдай жасалынған. Казармада наубайханашы, етікші, басқа да кәсіп иелері болған. 17-ші ғасырдың соңында тұрақты әскер пайда болғандықтан казармалар салына бастады. Ал 18 ғасырда Пруссияда казармада әскерилер отбасымен тұра бастады. 19 ғасырда Германияда казарма әскерилер үшін пәтер берумен бірдей болды.  Рота мен батальонды орналастыру үшін түрлі ғимараттар салды. Қазір Қазақстанда казармаларда тек сарбаздар ғана тұрады. Ал офицерлерге арналған арнайы әскери қалашықтар, жатақханалар бар.

 Суреттер менің жеке архивімнен алынды.

 
Талқыланбайды

Жариялаған: on Шілде 21, 2011 | Әскер

 

Ілмектер:

Шабдалы


Өткенде үйге бір танысымыз әр келген сайын өзімен бір кило шабдалы жемісін әкеліп жүрді. Шабдалыны көріп көзім жайнап кетті. Себебі, мен үшін жемістің төресі – шабдалы! Шабдалы біздің Майбұлақта да өседі, бірақ сирек. Ол пісіп бабына келіп үлгерем дегенше күн суытып, күз келіп қалады. Қазан мен қарашаның суығы қыстық алмаларын жинап үлгермеген жалқау ауылдастардың бақшаларын үсітіп жіберетін. Бекермен рәсуа болған алмаларға қарап іштей жаным ашитын. Сонымен, шабдалы маған не үшін ұнайды? Дәмі мен тәттілігі үшін. Себебі, шабдалы тым тіліңді ойып жіберетіндей тәтті емес және шырынсыз да емес. Ерекше дәмі бар, иісі де ешқайсысына ұқсамайды. Біздің ауылдағы бақшада өрік пен алма, алхоры, сары алша, жиде, жаңғақ, шие болған соң ба, бұлар онша таңсық емес. Ал, шабдалы бақшамызда жоқ болғандықтан ба әлде шынымен оның ерекше тәттілігінен бе, щабдалыны жақсы көрем. Жаңа түскісін астанадағы “Артем” базарынан шабдалының бір екі данасын алып келдім. Былай килосы – 300 теңге. Шабдалыны көрсем балалық шағым қоса еске түседі. Шабдалыны көрсем қомағайлана дастарханнан бір-екеуін зу еткізіп алып  жеп жатқаным есіме түседі. Шабдалыны көрсем Галкин ауылындағы әпшеміздің бауындағы жас шабдалы ағашының төбесін майыстырып шығып, жеп жатқанымыз еске түседі. Әпшеміз көріп қалса айқайлап ұрсатын. Сол себепті, ол жоқ кезде немесе ұйықтап қалды-ау деген кезде ұрлыққа шығатынбыз. Болмаса мақтаншақ кластасым Ақмарал деген қыздың үйіндегі жас шабдалы ағашы есіме түседі. Оның шабдалының қасында тұрып, “біздің шабдалы жылда көөө-өө-өөп салады” деп мақтанып тұратыны күні кешегідей көз алдымда  :)

Шабдалы туралы аз-маз мағлұмат бере кетейін деп “гуглдетіп” жіберсем, шабдалы (Persіca) — раушангүлділер тұқымдасына жататын жеміс ағашы екен.  Ауа райы жылы аймақтарда (Оңт. Еуропа, АҚШ, Жапония, Қытай, Түркия, Орта Азия) өседі. Шабдалының 5 түрі бар:

  1. кәдімгі шабдалы (P.vulgaris),
  2. гансун шабдалысы (Р.kansuensis),
  3. Давид шабдалысы (Р.Dawidiana),
  4. Потанин шабдалысы (Р.Potanini),
  5. ғажайып шабдалы тараған (Р.mira).

Шабдалының мәдени сұрыптары кәдімгі Шабдалыдан таралған. Кәдімгі Шабдалының биіктігі 6-8 м, жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлі қос жынысты, түсі қызғылт, сары немесе ақшылдау. Ол 2-3 жылдан бастап 15-20 жылға дейін жеміс береді. Жемісі етжеңді, ішінде сүйегі бар, қышқылтым, шырыны тәтті, құрамында қант, органик. қышқылдар, А, С витаминдері көп. Тұқымында болатын Шабдалы майынан тамақтық заттар мен дәрі жасалады. Әр Шабдалы ағашынан 20-120 кг жеміс алынады. Жемісі жастай және кептірілген күйінде (компот, тосап, тәтті сусын, т.б.) пайдаланылады.Өнімді мол алу үшін топырақты құнарландыру, уақытымен суғару және қажетсіз бұтақтарын кесіп, сиретіп отыру керек. Оның өсіп тұрған жерінде арамшөптер болмауы қажет.

ТМД-да, Орта Азия республикаларында, Закавказьеде, Қырымда, Дағыстанда, Молдовада, Солтүстік Кавказдың Қара теңіз жағалауында және Қазақстанның оңтүстік облыстарында будандастырылған 50-ден астам сорты өсіріледі. Шабдалының жемісінде 80-90 % су, 6-14% қант (оның 5-10 пайызы сахароза), 0,5-1,2% пектин заттары, 9,4-20 мг% С витамині, 0,6-1,0 мг каротин, ал тұқымында 20-60%-ға дейін май қышқылдары және эфир майы болады. Жемісі жастай, кептірілген күйінде (компот, варенье, тәтті сусын, т.б.) пайдаланылады. Шабдалы тұқымынан және бадам, алша, өрікпен ұластыру әдісімен көбейтіледі. Өнімді мол алу үшін жыл сайын бұтақтарын шарпып, сиретіп отыру қажет.

 
Талқыланбайды

Жариялаған: on Шілде 20, 2011 | Жазбалар

 

Ілмектер: , ,

Екі блог


Кеше группаласымның үйіне бара жатсам, жолда Аршатпен ойда жоқта кездесіп қалдым. Ол маған “Вордпресс.ком” қайта ашылды, естідің бе?” деп айтты. Алдында қай жерден оқығаным есімде жоқ, қайта ашылады деген бір ақпараттың жылтың ете қалғанын көзім шалып қалған. Содан ба, сасқанымнан “Иә, білем” дей салыппын. Бүгін “Жансезім” не болып жатыр екен деп келсем, иә біраз адамдар құлақтанып үлгерген сияқты. Көптен бері пешіне от жағылмаған үй сияқты, “Жансезімімнің” ошағы суып қалыпты. “Қазжур” ашылған соң, сол жаққа көшіп едік, енді не істейміз, қайтадан келеміз бе, сонда? :) Ана жақта “Жаһангерім” тұр, “мен ше?” деп. Жә, әзіл ғой, не десек те, қалай десек те, Вордпресс.комның ашылғаны жақсы болды. Бұл да Қазнет үшін үлкен сынақ болған шығар.

 
Талқыланбайды

Жариялаған: on Шілде 19, 2011 | Uncategorized

 

“Қазжурға” көшу


Иә, жұрттарың яғни блогшылар блогын жаңа “Қазжурға” қоныстандырып жатыр. Көптен күткен “Ойтаза”, “Онша емес жазулар”, “Айкона”, т.б. жайлап келіп жатыр. Асхат Еркімбай айтпақшы, бұл “Уордпресс-комды” біреуде ашатын, біреуде ашпайтын етіп жапқаны қызық болды. Почему-то бұл жүйе менде істеп тұр. “Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық” демекші, бұл жаққа да кейде ара-тұра келіп тұрамын. Жаңа блогқа көшіп жатқандарға толағай табыстар мен қызықты жазбалар тілеймін. Ең бірінші оқырмандарыңыз болуға әзірміз :)  

 
2 Comments

Жариялаған: on Шілде 10, 2011 | Жазбалар

 

“Жансезім” “Жаһангерге” көшті!


Енді мен “Жансезім” блогынан “Жаһангер” атты блогыма көштім. Мұнда да ара-тұра жазбалар беріп тұратын боламын. Астанада 24-25 маусым күні өткен семинар барысында “Қазжур.кз”-тен жаңадан блог ашқанмын. Еһ, мына дүние түрлі-түрлі сынақтарды ұсынып кетті ғой, өзі. Қайтеміз, Астананың тойы жақсы өтіп жатыр. Біз тек бақылайық, үн қатайық.

 
Талқыланбайды

Жариялаған: on Шілде 3, 2011 | Uncategorized

 

ҚАНДАЙ СОРТҚА ЖАТА(М)СЫЗ?


1. Сен одан ештеңе сұрамасаң да, ол саған кеше қайда болғанын, кімдермен кездескенін, не ішіп, не жегенін, не көргенін айтып мақтанады.Сосын әлгі қымбат дүкеннен немесе “Мегадан” я “Ханшатырдан” барып алған “Манго-панго” дей ме, типа сондай бренд киім алғанын айтып, ашықтан ашық мақтанады. Тумысынан бренд киюге тиістей сөйлейді. “Көрдіңдер ме, соңғы үлгімен киінемін, сәннен қалыспайтын көзі ашық адаммын, ал сендер осылай да жасай алмадыңдар”, дегенді айтпаса да әңгіменің ұшын соған әкеліп тіреп қояды. Ішіңнен “Әй, түк көрмеген бейшара, маған келіп мақтанбасаң ішің кебе ме? Қайтейін, бар көргенің, жеткен жерің осы болса дейсің де қоясың. (Егер оның саған айтып келгендері қызықсыз әрі тыңдағың келмесе де, амалсыз ықылас қойып тыңдап отырған адам сияқты кейіп танытасың. Әйтпесе ол сені іші  күйіп отыр немесе қызғаншақ, өзінде жоқ болған соң көре алмай отыр деп ойлап қалады).

2. Біреулер бар, тыңдағың келмесе де заставить етіп тыңдатып қояды. Сонда не айтады дейсің ғой, айналып келгенде өзі туралы бірдеңелерді айтып мақтанады. Сондағы мақтанының түрі мынадай. Кезінде өйткен, бүйткен, сөйткен, общем енді сөзіне қарасаң бәрін қатырған, еш жерде позоры шықпаған, шықпайды да, шықса да амалын тауып дер кезінде айлакер, амал тапқыштығымен жаба білген. Енді бір кереметтің нақ өзі. Живой, көз алдыңда тұр!!!!! (Битіп әлгіні саусағыңмен түртіп көруіңе болады :) ).  “Е, мое, қатырдық қой, сындырдық қой, зың қылдым, лақтырып кеттім, ақымақ қылдым, осылай деп өшірдім, көзі банка болды, лох қып кеттім, иттей болып алдыма келді, кешірім сұрады, отмаска жасады, аферист екенін дәлелдедім, адам емес екен” тағысын тағы ұзын-сонар шұбатылып кете береді.

3. Арзанқол не болса соны мыжып, өзі арасында ебедейсіз дарақы күлкісімен бір қарқылдап алып қойып отырып айтатын бос мылжың әңгімелер.Онда да бәрі өткен шақтың оқиғаларын мыжады, ең свежий әңгімесінің өзі кешегі вечеринкадан басы сынып отырса да, көп ішкенін айтып “мозганы тоңқайтады”. Оны да тыңдауың керек. (Қайран алтын жүйкем-ай) :(

Read the rest of this entry »

 
Талқыланбайды

Жариялаған: on Маусым 22, 2011 | Жазбалар

 

Ілмектер: , , , , , , , ,

НӘУІРЗЕК, ТЫРНА, ҚАРЛЫҒАШ


Атам мен апам да, басқалар да Қарлығашты ең жақсы құс деп айтты. Бізге солай сіңірді. Содан ба біз оған ерекше ыстық ықыласпен қарадық, тиіспедік. Әсіресе, көктемде нәуірзек, тырна сосын қарлығаштың келетінін асыға күтіп жүретінмін. Осы үшеуін өзге құстарға қарағанда ерекше жақсы көрдім, бір мен емес ауылдағы барлық балалар жақсы көретін. Себебі, тәрбие, ұғым солай. Тырнаны пәс ұшса үлкендер “О, биыл арзаншылық болады” деп жорамалдап, биік ұшса, “Биыл қымбатшылық болады” деп айтып жататын. Үлкендердің үрейін көріп тұрғаныммен мен онша саса қоймайтынмын. Бұлар (тырналарды айтып тұрмын) бір оқу орнын бітіріп келген жоқ, не бір жерге жиналып алып зерттеу жүргізген жоқ, жердегі адамдардың саясатында, қырылысып жатқанында, баға нарқында не шаруасы бар бұлардың? Бар бәлені істеп отырған адамдардың өздері ғой, осы апамдар то есть үлкендер қызық” деп таңғалатынмын. Сөйткен, тырналар расымен қиқулаған күйі аулымыздың төбесінен ұшып өтіп кететін. Олардың соңынан неліктен қимай қарап тұратынымды қазір де білмеймін. Мүмкін, балалық сана түкпірінде қуаныштың да, өмірдің де жалт етіп өте шығатынын сезіндіретін көрініс болғаннан кейін бе…

Ауылда ақпанның соңғы қары кете қоймаса да дір-дір еткен күйі ең бірінші болып нәуірзек келеді. Аяғы шидей, өзі кіп-кішкентай болса да сүп-сүйкімді, пысық құс. Үшінші болып қарлығаш келеді. Ол келісімен там салуға (ұя) кіріседі. Бір күні қарлығаштардың үй салу әрекетін ерінбей зерттедім. Мәссаған, не деген еңбекқорлық. Әуелі Қарекең (қарлығаш) біздің мал қорадан орын сайлап алды. Сосын тұмсығымен түйірдей ғана сазбалшықты біртіндеп тасыды. Оны кішкене шөптің қураған қиқымдарымен өріп шықты. Арасында жүн-жіп, қыл-қыбырды да шымды бекітіп ұстап тұру үшін әкеліп  байлады. Бейнетқорын-ай. Ұясының балшығы кеуіп дайын болған соң жұмыртқа басып шығады. Сосын бала-шағасын асырайды. Оны ұшуға үйретеді. Үйдің алдында тұрған электрдің, басқа да заттардың ұзын сымдарына балапандарын тізіп отырғызып қояды. Таңертең ерте тұратын да, шырылдап ұйқыңның шырқын қашыратын да осы қарлығаштар. Сонда да сол қарлығашты жек көре алмайсың.

Read the rest of this entry »

 
Талқыланбайды

Жариялаған: on Маусым 21, 2011 | Uncategorized

 

Ілмектер: , , , , , , , , , ,

ШЫЛЫМҚОР МАРКЕС


Қазақ оқырмандарына “Жүзжылдық жалғыздық” атты романымен таныс колумбиялық жазушы Габриэль Гарсиа Маркес – сүйікті жазушыларымның бірі. Иә, Маркес әлемге танымалмын, “Нобельермін” демейді, ол да кейде іші пысатын шығар, “қуады”, еркелейді (суретте). Бірақ ақымақтықтан, не надандықтан емес, жаттанды ережелер мен шеңберге сыймағандықтан деп ойлаймын. Ол сондықтан да Маркес!  Әрине, тек даңқтылар мен атақтылар, байлар мен шені барлар ғана еркелеп, ойына келгенін істей берсе оны да ұнатпай қалатынымыз рас. Сонда қалғанымыз атақты немесе көп ақшамыз болмағаны үшін “бір жерімізді қысып” немесе Абай айтқан “әдептен озбай”, “өзгелер не ойлап қаладымен” күн кешуіміз керек пе?” деген ой да қылаң беріп қалады. Дегенмен, барлық нәрсенің орнын білсеңіз, сізге де, бізге де қалай еркелеймін, не айтамын десеңіз де жарасады. Хош, сонымен тағы бірдеңе айтып лағып кетпей тұрғанда 84 жасар Маркес атамыз туралы жазған жазбамды ұсынайын.

Read the rest of this entry »

 
Талқыланбайды

Жариялаған: on Маусым 21, 2011 | Жазбалар

 

Ілмектер: , , , , , , ,

«БІЗ, «ШЫҒЫСТЫҢ АТЫС ҚУАТЫМЫЗ!»


Семей қаласындағы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз ауданында үш үлкен әскери бөлім орналасқан. Бұрын тек әскери бөлімдерге барып жүрсек, бұл жолы ат басын Аягөз гарнизонындағы 60 жылдан аса тарихы бар артиллериялық бригадаға бұрдық. Алдыңғы көште келе жатқан ең салмақты күшті қазақ ауызекі тілде «ауыр артиллерия» деп атайды. Сол айтпақшы, Қазақ армиясындағы бүгінгі артиллерияның хал-ахуалы, қуат-күші қалай? Артиллерия әскерімізге қаншалықты айбын беріп тұр? Осы жөнінде білмек болып, 10181 әскери бөлімінің командирі, полковник Асқар Ахметұлы ЖОЛАМАНОВҚА жолықтық.

Read the rest of this entry »

 
Талқыланбайды

Жариялаған: on Маусым 20, 2011 | Әскер, Uncategorized

 

Ілмектер: ,

СӘН немесе Fashion


Үнді фильмін бала кезімде жақсы көретінмін. “Гита мен Зита”, “Кек алу”, “Туған бала”, “Биле, биле”, “Диско бишісі”, Мистер Индия”, “Рам мен Лакхан” т.б. боп кете береді. Содан кейін аренаға Шахрукх Кхан ойнаған фильмдер шыға бастады. Онымен бірге көбіне Каджол ойнайтын. Соған қарап өзімше екеуі ерлі-зайыпты ма деп ойлап қалсам, ондай емес екен. Кеңес кезінде бұл аталған үнді фильмдерін саясатқа қайшы келмейтіндіктен көрсетті. Ал, біздің ауылдағы ағайынға саясатың емес, үнді фильміндегі аққу арман мен тамылжыған махаббат қызық болатын. Үнді фильмін көрмей қалсақ, “Қап, енді теледидардан қашан қайталар екен?” деп өкініп жүретінімізді қайтерсің. Айтпағым, біздің елге үндінің фильмдерін таңдап, сараптап жібергендіктен бе, тәуірін тамашалаппыз. Тәуелсіздіктен кейін үнді фильмдері қаптап кетіп, баяғы миымызда сіңіп қатып қалған “үнді киносына деген табынушылықпен” сәйкес келмей қалып, түңіліп шыға келдік. Қазіргі мен бұрынғы үнді киноларын салыстырдық та, бір-біріне ұқсас ленталардан жалығып кеттік. Соның бірі мен. Тек анда-санда сүйікті актерім Шакрукх пен Рекха, Прити Зинта, Каджол, Акшай Кумар, Хема Малини мен Дхармендра түскен фильмдерді ғана көргенім болмаса, үнді фильмін жылы жауып қойған болатынмын.

Read the rest of this entry »

 
1 Comment

Жариялаған: on Маусым 17, 2011 | Uncategorized

 

Ілмектер: , , , , , , , ,

 
Follow

Get every new post delivered to your Inbox.